ЖПІШ «Қауіпсіз жол»: ЖКО бұзушылары арасында кімдер көш бастады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында өткен демалыс күндері көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде қайта рөлге отырған төрт жүргізуші ұсталды.

Мәселен, Павлодар қаласында түнгі сағат 04:51-де полицейлер Nissan Primera автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің есірткілік масаң күйде екені және 2022 жылы жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Осындай құқық бұзушылық үшін Renault Sandero көлігінің де мас жүргізушісі ұсталды. Ол 2026 жылдың наурыз айында көлік басқару құқығынан айырылған екен. Ал Ақсу қаласы мен Щербақты ауданының бір ауылында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған екі мотоциклист алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндегені үшін қолға түсті. Аталған фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Барлық көліктер айып тұрағына қойылды.

– Бұл құқық бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Іс-шара басталғалы бері полицейлер шамамен 1500 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеген,- деп хабарлайды Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығы Бақыбай Ахмедьянов.

Полиция жасаған рейтингте бірінші орында — көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлескен жүргізушілер. Олардың саны 56-ға жеткен. Екінші орында — техникалық ақауы бар көлікті басқарған 14 жүргізуші. Үшінші орында — мас күйінде рөлге отырған 6 жүргізуші.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мас жүргізушілер ұсталған кезде көбіне түрлі сылтау айтып, өздерін ақтауға тырысады: «аз ғана ішкенін», «дәрі қабылдағанын» немесе «бірнеше метр ғана жүргенін» айтады. Алайда мұндай әрекеттердің ақтауы жоқ. Әр адам мұның орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін түсінуі тиіс. «Мас жүргізуші — қылмыскер» деген қағида әрдайым есте болуы керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1227792?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді