
2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына Жітіқара қаласына келді.
Жітіқара қаласына сапары аясында вице-министр өңір тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуал, «Элеваторный» карьерінің ашылуының экологиялық тәуекелдері, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС қызметінің теріс әсері, атмосфералық ауа сапасы, қалдықтармен жұмыс істеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері және экологиялық бақылау мәселелері талқыланды. Тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Вице-министр экологии и природных ресурсов РК посетил Костанайскую область с рабочим визитом

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/news/details/1227836?lang=ru

Жауап қалдыру