Қимастыққа толы күн: Ауданда соңғы қоңырау сыңғырлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ауданымыздағы 29 білім ордасында оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. Мектеп қабырғасындағы ең қимас сәттердің бірі — түлектермен қоштасу күні ерекше әсер мен толқынысқа толы болды.

Ақ бантик таққан бүлдіршіндер, қолдарына гүл ұстаған шәкірттер, көңілі толқыған ата-аналар мен ұстаздар — бәрі де бүгінгі күннің маңызын айшықтай түсті. Мектеп ауласында сыңғырлаған соңғы қоңырау үні балалық шақпен қоштасқан түлектердің жүрегінде мәңгілік естелік болып қалары анық.

Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы ауданымыздағы №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектепте болып, салтанатты жиынға қатысты. Аудан басшысы түлектерді үлкен өмірге қадам басуымен құттықтап, оларға сәт сапар тіледі.

Салтанатты шара барысында мектеп бітірушілер ұстаздарына алғыстарын айтып, әсерлі әндер шырқалып, жылы лебіздер арналды.

Бүгінгі соңғы қоңырау — бір дәуреннің аяқталып, жаңа өмірдің басталғанын білдіретін ерекше сәт. Арманға қанат қаққан түлектердің жолы ашық, болашағы жарқын болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1227829?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді