САРЫАҒАШТА «ҚАБЛАНБЕК» КЕДЕН БЕКЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Қабланбек» кеден бекетінің жұмыс барысымен танысып, аумақтағы инфрақұрылымды жетілдіру , қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы өзекті мәселелер бойынша сала басшыларымен бірге арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Бекет аумағын аралау барысында аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабеков және «Евразия» ЖШС-нің өкілдерімен бірлесіп, кеден бекеті маңындағы көлік қозғалысын реттеу, кептелістердің алдын алу және тұрғындар мен келушілерге қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар қаралды.

Сонымен қатар, кеден бекеті аумағындағы ақпараттық жүйені жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ақпараттық тақтайшалардың санын көбейтіп, оларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастыру арқылы келушілерге қолайлы орта қалыптастыру ұсынылды. Кеден бекеті алдындағы заңсыз делдалдық қызметтердің алдын алу және көлік өткізу процесін оңтайландыру мақсатында автоматтандырылған жүйе енгізу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріліп, кеден бекеті аумағын кезең-кезеңімен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1228004?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді