
Ағымдағы жылдың 24 мамыр 2026 жылы Қарақия ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беру, қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Акция барысында тұрғындарға жол қауіпсіздігін сақтау, интернет алаяқтықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ төтенше жағдай орын алған кезде әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, заң аясында тиісті түсіндірмелер жүргізілді.
Қарақия ауданы полиция бөлімі тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1228133?lang=ru

Жауап қалдыру