Облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар аясында аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға аралау жүргізілді. Көшпелі мониторинг барысында жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуына, әкімшілік кедергілерді жоюға, инфрақұрылымға қосу мәселелеріне, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Нысандарды аралау кезінде ауданның инвестициялық әлеуетін одан әрі дамыту перспективалары, жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлерге жалақыны уақтылы төлеу және еңбек заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерінің өзекті мәселелері бойынша жүгінді. Барлық өтініш иелеріне қажетті түсіндірмелер беріліп, жекелеген өтініштер бақылауға алынды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ақмола облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бизнесті қорғауды қамтамасыз етуге және ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар белгіленді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1228162?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді