
Жамбыл облысы. Ақбұлым ауылында жоспарлы оқу дабылы іске асырылды. Бұл жиын «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральді газ құбырлары филиалының базасында өтті. Негізгі мақсаты – адам өмірін қорғау және материалдық шығынды барынша азайту. Тактикалық дайындық барысында технологиялық апат пен өрттің алдын алу амалдары пысықталды. Осындай тәжірибелік жұмыстар маңызды кешендердің қорғанысын күшейтуге септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1228149?lang=ru

Жауап қалдыру