«Жасыл ел» жастар жасағының еңбек маусымы ашылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

25 мамыр Ақтөбе қаласындағы «Салқын самал» демалыс кешенінде жастарды еңбекке, табиғатты аялауға және елге қызмет етуге үндейтін маңызды маусымның ресми ашылуы ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» — бұл тек еңбек қозғалысы ғана емес, бұл — патриотизмнің, жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі. Жыл сайын оның қатары белсенді жастармен толығып, олар туған өлкенің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Салтанатты шара барысында Ақтөбе облысының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы жастарға сәттілік тілеп, олардың еңбегі ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Жаңа еңбек маусымы барша сарбаздарға сәтті, нәтижелі және жарқын естеліктерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1228280?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді