
🔹Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Пригородное ауылындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты.
🔹Аудан әкімі педагогтарды, ата-аналарды, оқушыларды және, әрине, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оларға сәттілік, өз күшіне сенім және жаңа жетістіктер тіледі.
🔹Мектеп тарихында алғаш рет түлек «Алтын белгі» үміткер атанып отыр. Бұл – мектеп, ұстаздар және ауыл тұрғындары үшін үлкен мақтаныш.
🔹Салтанатты жиын мерекелік концертпен және естелік суретке түсумен аяқталды.
🔹Іс-шарадан кейін аудан әкімі мектептің материалдық-техникалық жағдайымен де танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1228337?lang=ru

Жауап қалдыру