
Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында, ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Досановпен «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Новенькое жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұжымында еңбек заңнамасы талаптарын, оның ішінде еңбек шарттарын рәсімдеу, ЕШЕБЖ-ға енгізу, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1228383?lang=ru

Жауап қалдыру