
Астана, 2026 жылғы 25 мамыр – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асанов пен Эль-Сальвадор халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (ESCO) Стратегия және халықаралық келіссөздер бөлімінің басшысы Ф. Флорестің танысу кездесуі өтті.
Іс-шараға Эль-Сальвадор Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ю.П. Сантакрус Пердомо қатысты.
Кездесу барысында тараптар өздерінің қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. KazAID өкілдері ESCO қызметкерлерін Агенттік қызметінің басым бағыттарымен, сондай-ақ халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен және жобалармен таныстырды.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын қарастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1228421?lang=ru

Жауап қалдыру