Балалардың жазғы демалысы: спорт пен саламатты өмір салтына басымдық беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үкімет отырысында биылғы оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов балалардың қауіпсіз әрі белсенді демалысын қамтамасыз етуге бағытталған спорттық бастамалар туралы баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі қамту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 1,8 млн бала тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Бұл – жалпы балалар санының 34,6 пайызы. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жаз мезгілінде спорт мектептері, үйірмелер мен сауықтыру-спорттық лагерьлер өз жұмысын жалғастырады. Балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру мақсатында Ақмола облысындағы «Парус», Шығыс Қазақстан облысындағы «Сарыбел» лагерьлері және Абай облысындағы Алакөл демалыс аймақтары жұмыс істейді.

Сонымен қатар мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт секциясындағы тегін сабақтар жаз бойы жалғасады.

Жазғы маусымда ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылады. Елімізде тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, аударыспақ, қазақ күресі және дәстүрлі садақ ату бойынша республикалық турнирлер мен чемпионаттар өткізіледі.

Өңірлерде Балаларды қорғау күні мен Спорт күніне арналған бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, марафондар, спартакиадалар, жүгіру жарыстары және отбасылық спорт мерекелері өтеді.

Балалардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау мақсатында өңірлерде 685 футбол алаңын салу жобасы іске асырылуда. Бүгінде оның 520-сы пайдалануға берілген.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарын өткізу және өңірлерде инклюзивті спорт орталықтарын ашу жұмыстары жалғасады.

@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1228456?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді