Бүгін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеке қабылдауға 11 тұрғын қатысып, өздерін толғандырған маңызды мәселелерді көтерді.

Қабылдауға келген тұрғындардың бірқатары жер сұрау, тұрғын үй мәселесі, көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жағдайы бойынша шағымданды.

Бұл мәселелер бойынша аудан әкімі көпқабатты тұрғын үйлерде пәтер иелері кооперативін (КСК) құру тұрғындардың өзара ұйымшылдығына және белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, тұрғындар жұмыспен қамту, балалар ойын алаңдарын салу бағытында ұсыныс-өтініштерін білдірді.

Қабылдау барысында аудан әкімі тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, бірқатарына заң аясында түсіндірме берді. Ал кейбір мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1228468?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді