Энергетика министрлігінде мотивацияны арттыру және ішкі ресурстарды нығайту мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Л.Қосаева Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының өкілдері Р.Магзумова мен А. Еникеевтің қатысуымен Энергетика министрлігі, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, сонымен қатар «Zoom» платформасы арқылы аумақтық департаменттерін қоса отырып мемлекеттік қызметшілері арасында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг барысында мемлекеттік қызметшілерге эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға, кәсіби қызмет тиімділігін арттыруға және қызметтік міндеттерді орындау барысында ынталылықты сақтауға бағытталған практикалық тәсілдер ұсынылды.
Сонымен қатар, аурулардың алдын алу маңыздылығы, өз денсаулығы, өз денсаулығын сақтаудағы жеке жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ темекі шегудің, ішімдік ішудің, есірткі және психотроптық заттарды қолданудың денсаулыққа зиянды әсері туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ, Медициналық орталығы ауруханасының өкілдерімен қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1228486?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді