Жамбылда мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейі асқақтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жамбыл облысында сала өкілдеріне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. «Talbesik» этно орталығында ашық аспан астында ұйымдастырылған салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, мәдениет майталмандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде мәдениет пен өнер – ұлттың рухани өзегі, елдің болмысын айқындайтын асыл құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірдің мәдени өмірін жандандырып, ұлттық мұраны дәріптеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, бірқатар азаматқа мерекелік марапаттар табыстады.

Салтанатты шара барысында Жамбыл облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, «Аmanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Ынтықбаев және облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мәдениет қызметкерлеріне ізгі тілектерін арнап, сала үздіктеріне құрмет көрсетіп, марапаттарын табыстады.

Мерекелік күн аясында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған түрлі мәдени-танымдық алаңдар ұйымдастырылды. Басқармаға қарасты мекемелер мерейтой иелеріне арналған композициялар көрінісін назарға ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, қазақ халқының ерлік пен төзімділікті дәріптейтін дәстүрлі ойындары кеңінен насихатталды.

Кештің сәнін арттырған мерекелік концертті Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары ұсынды. Алғаш болып сахна төрінде Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры әртістерінің тақырыптық театрландырылған көрінісі қойылып, одан әрі филармония әншілері мен бишілерінің әсерлі композициялары кештің көркін аша түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1228532?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді