
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Заң клиникасы» аясында азаматтарға арналған құқықтық кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және өзекті мәселелер бойынша кәсіби құқықтық көмек көрсету.
Акция барысында азаматтар алимент өндіру, жол-көлік оқиғаларына қатысты даулар,тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы әрекеттер, сондай-ақ басқа да құқықтық сұрақтар бойынша кеңес алды. Әрбір қатысушы заң аясында қандай әрекет ету керектігі жөнінде ақпараттандырылды.
Шараға Әділет департаментінің өкілі, сот орындаушы, заң консультанты қатысып, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша сауалнамадан өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1228568?lang=ru

Жауап қалдыру