Бейнеуде 987 түлек үлкен өмірге қадам басты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданымыздың барлық мектептерінде мектеп бітіру салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, түлектер үшін ерекше әрі толқынысқа толы сәтке айналды. Бұл – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды кезең.

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданымызда 987 түлек мектеп бітіріп отыр. Олардың ішінде 42 түлек «Алтын белгі» иегері атануға үміткер болса, 58 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Биылғы шаралар барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбы аясында өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы Бейнеу ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен салтанатты жиынға арнайы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілегін жеткізді. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары жас түлектерге сәттілік тілеп, олардың үлкен өмір жолындағы алғашқы қадамдарының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, білім мен тәрбиенің ел болашағын айқындайтын басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Аудан оқушылары биыл да білім додаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 3-сынып оқушысы Хожахмет Көбейсін «Бастау» математикалық турнирінің республикалық кезеңінде ІІІ орын иеленсе, 10-сынып оқушысы Дүйсенбаев Абылан Жанарбекұлы география пәнінен республикалық олимпиадада І орынға ие болды. Ал 11-сынып оқушысы Мұрат Береке Амангелдіұлы тарих пәні және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда ІІ орын иегері атанды.

Шара соңында Аббат Жәңгірханұлы мектептің жетістіктерімен танысып, ұстаздар мен оқушылармен естелік суретке түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1228528?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді