Рауан тұрғын массивінің тұрғындарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рауан тұрғын массиві тұрғындарының ұжымдық арызы негізінде Өмірзақ ауылының әкімі және Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, негізгі автомобиль жолы бойына бағдаршам орнату мәселесі, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қою мақсатында тиісті жол белгілерін орнату, ауыл ішіне әр жұма сайын жәрмеңке ұйымдастыру, балалардың жазғы демалыс уақытында бос уақытын тиімді ұйымдастыру және демалыс орындарын қарастыру, сондай-ақ қаңғыбас иттерді аулау мәселелері көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер тиісті сала мамандарымен бірлесіп, заң аясында қажетті шаралар қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1228690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді