Азаматтарды жұмыспен қамту бойынша «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» Есіл аудандық Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалының алаңында Есіл ауданының Мансап орталығымен бірлесіп жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, жастарды, оқу орындарының түлектерін, мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды.

Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен Есіл ауданының бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты. Жұмыс берушілер аспаз, сатушы-кеңесші, бухгалтер, механизатор, күзетші, дәнекерлеуші, малшы секілді түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс іздеушілер еңбек нарығындағы өзекті ұсыныстармен танысып, түйіндемелерін қалдырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Мансап орталығының мамандары азаматтарға кәсіби оқыту, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, сондай-ақ «Күміс жас» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Аталған бағдарлама зейнет жасына жетпеген, 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ашқан жұмыс орындарын және олардың жалақысын субсидиялауды көздейді. Жұмыс ұзақтығы 36 айдан аспайды, ал бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнеткерлік жасқа дейін тұрақты жұмыс орны ұсынылады.

Іс-шара барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды: мүгедектігі бар адамдарға, еңбек өтілі жоқ жастарға, зейнеталды жастағы азаматтарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген азаматтарға арнайы бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша екі жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына жолдама алды, тағы алты адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберілді.

Кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылатын осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Еркін әрі сындарлы жағдайда қатысушылар тиімді пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер мен жұмыс іздеушілермен өзара іс-қимыл тақырыптарын талқылады. Мұндай тәжірибе іскерлік байланыстарды нығайтуға, кәсіпкерлік қауымдастықты дамытуға және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

#Ақмолаоблысыкәсіпкерлерпалатасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1228680?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді