Үшінші санаттағы ӘКС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

      Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

      тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

      коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

      аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;

     

      Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

 

       1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

 

       2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6 – 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

     

      ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

 

       1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 

___________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды
тұлғаның атауы) мекенжайы:
___________________________,
телефоны: _____, факс: _____,
электрондық пошта мекенжайы:
___________________________.

 

 Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің
тізіліміне енгізу туралы өтініш
______________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      сәйкестендіру нөмірі__________________________

      (бұдан әрі – өтініш беруші) атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға туралы мәліметтер_______________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, көрсетілген құжатты берген органның атауы, лауазымның атауы)

      Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өтініш беруші жүзеге асыратын қызмет түрлері:

      1)…;

      2)…;

      … .

       Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін басшылыққа ала отырып,

      _______________________________________________________________

       (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тануды сұраймын.

      Өтініш беруші өтініште және оған қоса берілген құжаттарда өзі ұсынған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді.

      “”Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі ( _____ парақта).

      20__ ж. “___”_______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның

 

 

 

 

 

басшысы) / уәкілетті адам

_______________

______________________________

 

 

 

(қолы)

(қолтаңбаның толық жазылуы)

 

мөр орны (бар болса)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

         

           2-нысан

 Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда)

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер:

Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің мәні:

1

2

3

екінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен

үшінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен

төртінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметті жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы көлемі, теңге

 

 

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер, теңге

 

 

Кірістердің жалпы көлемінде алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі, пайыз

 

 

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза пайданың мөлшері, теңге

 

 

Ағымдағы күнтізбелік жылда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған пайданың мөлшері, теңге

 

 

Алдыңғы күнтізбелік жылы алынған таза пайданың көрсетілген пайда мөлшерінен ағымдағы күнтізбелік жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі, теңге

 

 

      20__ ж. “___”_______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның

 

 

 

 

 

басшысы) / уәкілетті адам

_______________

______________________________

 

 

 

(қолы)

(қолтаңбаның толық жазылуы)

 

мөр орны (бар болса)

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

         

      Нысан

 Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында өндірілетін өнім (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы жалпы ақпарат

Нысаналы аудитория

Өндірілетін өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі

Өндірілетін өнім түрінің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) мақсаты

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім

Мүгедектігі бар адамдар

 

 

 

 

 

 

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-Аналар және басқа да заңды өкілдер

 

 

 

 

 

 

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)

 

 

 

 

 

 

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

 

 

 

 

 

 

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

 

 

 

 

 

 

 Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын

“Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

 

 

 

 

 

 

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

 

 

 

 

 

 

Қандастар

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында ықпал ететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қасиеттерінің сипаттамасы (еркін нысанда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      20__ ж. “___”_______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның

 

 

 

 

басшысы) / уәкілетті адам

_______________

______________________________

 

 

(қолы)

(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-balkhash/press/news/details/1228641?lang=ru