ТЖМ басшысы Душанбеде өткен климаттық қауіпсіздік халықаралық форумына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Душанбеде өтіп жатқан «Су және климаттық тәуекелдер: ғылым, мониторинг және басқару» халықаралық форумында қазақстандық делегацияны басқарды. Төтенше ведомстволардың басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері мен ғылыми қауымдастық мүшелері осы алаңда климаттық қауіпсіздік пен дүлей зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту мәселелерін талқылау үшін бас қосты.

Форумға 10 халықаралық ұйымның өкілдері мен 7 елдің делегациялары қатысуда. Олардың қатарында Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан төтенше ведомстволарының басшылары бар. Қазақстанның ТЖМ делегациясы ерте ескерту жүйелерін дамыту, табиғи қауіп-қатерлерге мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мәселелерін талқылауға қатысуда. Қатысушылар халықты қорғау, таулы аумақтардың қауіпсіздігі және өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Форум «2018–2028 жылдарға арналған Су тұрақты даму үшін» іс-қимылдарың халықаралық онжылдығының жоғары деңгейдегі төртінші халықаралық конференциясы аясында өтіп, Сарез көлінің 115 жылдығына арналды. Қатысушылар климаттық сын-қатерлерге ден қоюдың заманауи тәсілдерін, мониторингтің жаңа технологияларын енгізу және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мәселелерін қарастыруда.

Форум қорытындысы табиғи қауіп-қатерлердің алдын алу және климаттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1228608?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді