«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылдан бастап алғаш рет жастар маусымдық емес, қысы-жазы еңбекке араласады. Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру, құрылыс жұмыстарына 16 мен 35 жас аралығындағылар тартылады. 

Ақтөбеде студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Салқын самал» демалыс базасында 250-ден астам еңбек жасағының сарбаздары бас қосты. Оларға «Жасыл ел» қозғалысының ардагерлері, белсенді жастар мен еріктілер қосылды.

Маусымның ашылу салтанатына облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Ол қатысушыларды еңбек маусымының басталуымен құттықтап, жастар бастамаларының өңірді дамытудағы маңызын атап өтті.

«Жасыл ел» қозғалысы жылдар бойы жастар үшін еңбек пен патриотизмнің маңызды мектебіне айналды. Сіздер өңірдің абаттандырылуы мен экологиясына үлес қосып қана қоймай, туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастырып келесіздер. Биылғы маусым да жемісті әрі нәтижелі болады деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Іс-шара барысында аймақ басшысына «Жасыл ел» қозғалысының символикалық футболкасын табыстау рәсімі өтті. Сондай-ақ жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері, қозғалыс ардагерлері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді.

Демалыс базасының аумағында волейбол ойындары, мольбертте сурет салу бойынша шеберлік сағаттары және ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Бағдарламаның ерекше сәті ретінде қатысушылар «Армандастар» әнін бірге орындап, естелік суретке түсті.

Еңбек маусымының ашылуы барлық қатысушы қатысқан экологиялық акция – экоплоггингпен (сенбілік) қорытындыланды.

Жалпы биыл жасақ қатарына 3200 адам қабылдануы тиіс. Олардың 2000-ы орман шаруашылықтарында жасыл желек белдеуін өсірумен айналысады. Қалғандары ауыл мен қалалардың санитарлық тазалығына атсалысып, құрылыс алаңдарында еңбек етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1228602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді