
2026 жылғы 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» теолог Березина Елизавета Олеговна және СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Тасмагамбетов Т.И. қатысты.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұру мәселелері қозғалды. Мамандар жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара соңында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1228744?lang=ru

Жауап қалдыру