Зерендіге тұрақты ауызсу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауылында ауызсу жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Аудан орталығында екі жаңа су мұнарасы орнатылуда. Оның бірі «Көктерек-Зеренді» су құбыры учаскесінде, екіншісі Зеренді аудандық орталық ауруханасының аумағында орналасады.
Көлемі 75 текше метр болатын ескі Рожновский мұнарасының орнына 160 текше метрлік жаңа мұнара орнатылуда. Аурухана аумағындағы 20 текше метрлік мұнара 25 текше метрлік жаңа мұнараға ауыстырылуда. Сонымен қатар көлемі 500 текше метр болатын екі резервуарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электр жабдықтары мен насос станциясының ғимараты жаңартылуда.
Мамандардың айтуынша, жүйені жаңарту қажеттілігі су тұтыну көлемінің артуымен байланысты. Соңғы жылдары Зерендіде жаңа тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек 2025 жылдың өзінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен 74 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Егер 2017 жылы жаз мезгілінде халықтың суға деген қажеттілігі тәулігіне шамамен 700 текше метрді құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 2000 текше метрге жуықтады.
Зеренді ауданы ТҮКШ, ЖИ, ЖК және АЖ бөлімінің жылу және сумен жабдықтау секторының меңгерушісі Светлана Шихалеваның айтуынша, жүйені жаңғырту қажеттілігінің басты көрсеткіші тұрғындардың су қысымының төмендігі мен су берудегі үзілістерге қатысты өтініштері болған.
Өз кезегінде «Зеренда-Сервис» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы Болат Дюсенов резервуарларды жөндеу аяқталғаннан кейін су қоры кемінде бес тәулікке дейін жеткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар жаңа мұнараларды орнату судың сапасын жақсартып, тот мәселесін азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жаз мезгілінде ауылішілік су желілеріндегі бекіту арматураларын ауыстыру жұмыстары жоспарлануда.
Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиевтің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындарды тұрақты әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-zerendy/press/news/details/1228772?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді