Атырауда синтетикалық есірткі таратқан өзге облыс тұрғыны 7 жылға сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстаған болатын.

     Тексеру барысында күдіктіден жалпы құны шамамен 2 млн теңгені құрайтын 64 доза “Альфа-PVP” синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

     Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу нәтижесінде күдіктінің қылмысқа қатысы толық дәлелденді. Ол қаржылық қиындықтарға байланысты заңсыз табыс табу жолына түскенін және 2025 жылдың қазан айынан бастап интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткі заттарын жасырын тәсілмен таратумен айналысқанын мойындаған.

     Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

     Полиция азаматтарды заңсыз табыс көздерінен бас тартуға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1228831?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді