
2026 жылғы 22 мамырда 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Алтай ауданының ашық біріншілігі өтті. Ауданның намысын қорғаған 5 команда қатысқан спорттық шарада ойындар айналым жүйесі бойынша ұйымдастырылды.
Тартысты өткен матчтардың қорытындысы бойынша Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) командасы жоғары белсенділік танытып, жүлделі 3-орынды иеленді. Сонымен қатар, турнир барысында үздік шеберлігімен және нәтижелі ойынымен көзге түскен Раиымханов Алдияр жарыстың «Үздік жартылай қорғаушысы» номинациясымен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жас футболшыларды, олардың бапкерлерін табысты өнер көрсетулерімен құттықтайды және алдағы уақытта да облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1228827?lang=ru

Жауап қалдыру