Сан-Диегоға – сеніммен: Ақтөбеде «BATYR TEAM» спортшысы Саламат Исбулаевты шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев арнайы құрметпен шығарып салынды.

Спортшы 2026 жылдың 27 маусымында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында, әйгілі Pechanga Arena-да өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл жарыс – әлемнің үздік файтерлері бас қосатын беделді алаңдардың бірі.

Осыған дейін ол Дубай қаласында өткен халықаралық жекпе-жекте жарқын жеңіске қол жеткізген болатын.

Саламат Исбулаев – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері, «Alash Pride» лигасының экс-чемпионы, PFL лигасының легионері және «BATYR TEAM» спорт клубының өкілі. Ол кәсіби мансабындағы барлық жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтап келе жатқан ерекше спортшылардың бірі.

ТЖМ жанкүйерлері чемпионға ыстық ықыласын білдіріп, АҚШ төріндегі маңызды жекпе-жекте жеңіспен оралуына тілектестік танытты. Ел үмітін арқалаған әріптесімізге алдағы додада сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1228817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді