ШҚО СПОРТШЫСЫ БАТУТ ТРАМПЛИНІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОС КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батут таянышы мен трамплинінен (батуттық гимнастика) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында және 7-ші Азия біріншілігінде (Age Group) Шығыс Қазақстан облысының спортшысы жоғары нәтиже көрсетті. Айтулы құрлықтық додада бақ сынаған дарынды спортшымыз Адал Манат халықаралық аренада ерекше шеберлігімен көзге түсті.

Тартысты өткен сындардың қорытындысы бойынша Адал Манат жекелей бағдарламаның финалында үздік өнер көрсетіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, ол синхронды бағдарламада да жоғары үйлесімділік пен техникалық дайындық танытып, екінші орынды иеленді. Осылайша, ШҚО спортшысы ел қоржынына қос күміс медаль салды.

Спортшыны халықаралық додаға жоғары деңгейде дайындаған білікті бапкер — Абай Әбілқайыров. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Адал Манатты және оның жаттықтырушысын айтулы табысымен құттықтайды, алдағы уақытта да спорттық тандемге жаңа шыңдарды бағындыруды және әлемдік ареналарда көк туымызды биікте желбірете беруді тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1228811?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді