Жоспардан тыс жұмыс кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А. Токтабаеваның төрағалығымен денсаулық сақтау объектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты жоспардан тыс жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ж. Қабасова баяндама жасап, облыстың аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарымен денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын бірқатар талаптар талқыланды.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына аталған бұйрықтың орындалуын ерекше бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1228787?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді