Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бескөл ауылдық округі  Жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Д.Бауыржанқызы және  полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғам назарын есірткі мәселесіне аудару.

Акция барысында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Полиция қызметкерлері есірткінің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін зияны туралы айтып, жастарды спортпен шұғылданып, пайдалы істерге уақыт бөлуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1228780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді