
26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Жамбыл облысында ауқымды есірткіге қарсы айлық басталады.
25 мамыр мен 26 маусым аралығында бір ай бойы өтетін айлық аясында өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қысқаметражды бейнероликтер байқауы, шағын футбол және волейбол жарыстары, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояу акциялары, мерекелік кештер, постерлер мен фотолар байқаулары, ағаш отырғызу акциясы және өзге де шаралар өткізіледі.
Кез-келген азамат аталмыш іс-шараларға қатыса алады. Қосымша ақпарат алу үшін: 8 747 112 50 67 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Белсенді түрде қатысып, жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болыңыздар!
Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіден бас тартуға шақырамыз.
Есірткіге бірге «ЖОҚ» деп айтайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1228777?lang=ru

Жауап қалдыру