ӨСКЕМЕНДЕ МАСШТАБТЫ «KAZ MINERALS HALF MARATHON OSKEMEN 2026» ҚАЛАЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласында жүгіру әуесқойларын, салауатты өмір салтын ұстанушыларды және қала қонақтарының басын қосқан ауқымды спорттық шара — «KAZ Minerals Half Marathon Oskemen 2026» қалалық жартылай марафоны мәресіне жетті. Биылғы жылы спорттық доданың деңгейі айтарлықтай өсіп, қатысушыларға арналған слоттар саны 1400 орынға дейін ұлғайтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (2025 жылы 800 орын болған) 600 слотқа көп. Жартылай марафонның маңыздылығын арттыра түскен тағы бір жайт — ағымдағы жылдың сәуір айында жүгіру трассалары халықаралық сертификаттаудан өтіп, ресми International Measurement Certificate (IMC) құжатына ие болды.

Дүбірлі спорттық шараға жалпы саны 1101 астам спортшы тіркеліп, бақ сынады. Оның ішінде 38 қатысушы әлемнің 11 шет мемлекетінен, атап айтқанда Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ, Франция, Израиль, Перу, Қырғызстан, Тайвань, Лесото, Түркия және Қытай елдерінен арнайы келді. Қатысушылар қашықтықтар бойынша келесідей бөлінді: RUN 5 шақырымға — 388 адам, RUN 10 шақырымға — 401 адам, жартылай марафондық RUN 21.1 шақырымға — 241 атлет бақ сынаса, скандинавиялық жүру бағытында NORDIC 5 қашықтығына — 57 адам, NORDIC 10 қашықтығына — 5 адам және EKIDEN 21.1 эстафеталық жарысына 9 команда қатысты.

Спортшыларға стартық пакеттер 21-23 мамыр аралығында Б. Александров атындағы Спорт сарайында үлестірілді. Ал көптен күткен дүбірлі жарыстың салтанатты старты мен финиші Өскемен қаласының Орталық алаңында ұйымдастырылып, жүгірушілерге нағыз спорттық мереке сыйлады. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық марафоншыларды сәтті мәреге жетулерімен құттықтайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1228847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді