ШҚО-да 17 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да 17 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұза отырып еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында аймақтағы құрылыс нысандары мен базарларды тұрақты түрде тексеріп тұрады.

Мәселен, Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген кезекті тексеріс барысында полицейлер уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 17 азаматын анықтады.

Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар облыс аумағына шамамен бір ай бұрын келіп, қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеместен, 10 күннен астам уақыт бойы нысанда жұмыс істеген.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметімен айналысуына тыйым салынатынын ескертеді. Заңнама талаптарын бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1228900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді