ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА ӘРІ ТҰРАҚТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақталған.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Шығын анықталған жағдайда, оны демеушілер есебінен өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылады.
🔰Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел жұмыстар жүргізілді. Апаттың салдарын жоюға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топтар күшейтілген режимде жұмыс атқарды.
🔰Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына арнайы барып, ахуалды бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, барлық тиісті қызметтер толық жұмылдырылған.
🔰Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1228958?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді