
Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі аумағында қуаттылығы 5 мегаватт болатын шағын электр станциясы жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қолға алған.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысанның құрылыс барысын бақылап, «Ынтымақ» АӨК өкілі Қалыбеков Бекжанмен кездесті. Жобаның алдағы жоспарлары мен іске асу кезеңдерін талқылады.
Айта кетсек, аталған жоба іске қосылғаннан соң өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдық жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1228951?lang=ru

Жауап қалдыру