ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды

17-25 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның басты мақсаты – жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2714 фактісін анықтады.

Жолдағы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін өрескел құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көлік құралын масаң күйде басқарған 49 жүргізуші ұсталды. Олардың арасында жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отырғандар да болды.

Ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 403 көлік құралының пайдаланылуына тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 227 көлік құралы, оның ішінде автокөліктер, мотоциклдер, электрлі велосипедтер мен самокаттар да қойылды. Сондай-ақ 176 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Бұдан бөлек, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, балаларды тасымалдау қағидаларын бұзу және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілерінің жолы кесілді.

Полицейлер жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматқа байланысты екенін еске салады. Жол жүрісі қағидаларын сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыс жалғасатын болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1228936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді