
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында басқарма өкілдері өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Комиссия отырысында Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, цифрлық технология, жер қатынастары басқармалары мен полиция департаментінің басшылары есеп беріп, бюджеттен бөлінген қаржы тиімді игерілгенін жеткізді.
Облыстық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сауалдарын жолдап, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1228935?lang=ru

Жауап қалдыру