Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеуге, мал жайылымын қоршауға арналған шығындарды мемлекет есебінен өтеу және электр желілеріне байланысты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1228967?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді