
Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы маусым айында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мұхамедьянова Наталья Ивановнаға келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 (71639) 2-17-72.
Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 маусымға дейін қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/1228998?lang=ru

Жауап қалдыру