
2026 жылғы 26 мамырда Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ерекенов М.К.-ның төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері Жітіқара ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы, Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, жер учаскелеріне жария сервитуттар белгілеу туралы, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы мәселелерді қарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1229023?lang=ru

Жауап қалдыру