
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ қызметтік әдептің негізгі талаптары талқыланды. Қатысушыларға күнделікті жұмыста заңдылық, әділдік және адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға және «Заң мен Тәртіп» қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1229059?lang=ru

Жауап қалдыру