📚 Жаңа «Келешек мектебінде» «Жас ғалым» жобасы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 Жаңа «Келешек мектебінде» «Жас ғалым» жобасы іске қосылды

Қандыағаш қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №6 мектепте облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен «Жас ғалым» жобасы таныстырылды.

Жоба оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ғылыми ізденіс пен тәжірибелік жұмыстарға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Оқушылар түрлі зерттеу жобаларымен айналысып, жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша практикалық тәжірибе алады.

Жоба аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, білім беру процесіне заманауи оқу тәсілдері енгізілуде.

Ақтөбе облысында «Келешек мектептері» аясында 14 заманауи мектеп пайдалануға берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kyzylsu/press/news/details/1229278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді