
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен қазақтың сәндік-қолданбалы өнері мен жүн өңдеу дәстүрлеріне арналған халықаралық көрме және шеберлік сабағы өтті.
Халықаралық мәдени шараға қатысқан «Urshyk» республикалық қоғамдық қолөнершілер бірлестігінің мүшесі, байғаниндік қолөнер шебері Анар Есенбайқызы Төремұратова ұлттық нақыштағы туындыларын көпшілік назарына ұсынып, қазақтың дәстүрлі қолөнерін кеңінен насихаттады.
Көрме барысында мажарстандық қонақтар қазақ халқының киіз және тоқыма бұйымдарына, этнодизайн үлгілеріне ерекше қызығушылық танытып, жоғары бағасын берді.
Сонымен қатар, қазақ қолөнершілері Хортобадь қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны аумағында алғаш рет ұйымдастырылған VIII Мажар жүн фестиваліне қатысты. Фестиваль аясында Анар Төремұратова өзге де шеберлермен бірге жүнді қырқудан бастап, иіру, тоқу және киіз басуға дейінгі дәстүрлі өңдеу үдерісін көпшілік назарына ұсынып, ұлттық өнердің терең мазмұны мен ерекшелігін кеңінен насихаттады.
Ата-бабадан мирас болған ұлттық қолөнерімізді халықаралық деңгейде дәріптеп, қазақ мәдениетін Еуропа жұртшылығына танытуға үлес қосқан Анар Есенбайқызына шығармашылық табыс пен алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1229335?lang=ru

Жауап қалдыру