ҚАРАҚИЯДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстар Қарақия ауданында қарқынды түрде жалғасып келеді. Бүгін аудан орталығы Құрық ауылында атқарылып жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысы жіті қадағаланды. Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, орынбасарлары және салаға жауапты тиісті мамандармен бірге бірқатар нысандарды аралап, атқарылған істердің деңгейін өзі бақылады.

Ауылдың экологиялық ахуалын жақсарту және жасыл желек көлемін арттыру мақсатында қазіргі таңда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Осы бағытта жеке кәсіпкер «Джанбауовпен» жалпы сметалық құны 14,5 миллион теңгені құрайтын келісімшарт жасалып, ауқымды істер қолға алынған. Жобаға сәйкес, аумақта 500 дана жаңа ағаш отырғызылып, бұрыннан бар 1107 ағаштың қураған бұтақтарын кесу және пішіндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 4 гектар аумақты жабайы арам шөптерден тазарту, 50 шаршы метр жерге біржылдық гүлдер, 300 дана бұталы өсімдіктер, 200 түп раушан гүлі және 110 дана кохия егу шаралары жүзеге асырылуда.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1229290?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді