
2026 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға қадірлі қонақтар, ардагер ұстаздар, ата-аналар, педагогтер мен оқушылар қатысып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиында бастауыш сыныптың оқу озаттары марапатталды. Жыл бойы білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарға алғыс айтылып, мектеп өміріндегі жарқын сәттер еске алынды.
Биылғы мектеп түлектері үшін бұл күн – балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан ерекше әрі толғанысты сәт болды. Олардың жүрекжарды әндері, әсерлі билері мен ұстаздарға арналған ыстық лебіздері мерекенің көркін аша түсті.
«Соңғы қоңырау» — тек оқу жылының аяқталуы ғана емес, жаңа белестерге бастар маңызды қадам.
Барша оқушыларымызға жарқын болашақ, сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Ұстаздарымызға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
Түлектерімізге ақ жол, сәтті қадам, асқақ арман тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sharbakty-bilim/press/news/details/1229440?lang=ru

Жауап қалдыру