Бүгін аудан әкімі Айбек Купеновтің қатысуымен кезекті аппараттық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Жиында аудан дамуына тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

Күн тәртібінде:
🔹 «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы;
🔹 Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану;
🔹 Мерзімді баспасөзге жазылу науқаны мәселелері қаралды.

🔹Экологиялық бағдарлама аясында аудан аумағындағы заңсыз қоқыс орындарын жою, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды. Аудан басшысы тазалық жұмыстарын тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізуді тапсырып, ғарыштық мониторинг арқылы анықталған нүктелерді уақытылы тазартуды міндеттеді.

🔹Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, жайылым тапшылығын шешу және жер телімдерін заң талаптарына сәйкес тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.

🔹Жиын барысында ел мен өңірдің тыныс-тіршілігін насихаттайтын мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстары да сараланды.

🔹Жиын қорытындысында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1229428?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді