«Inderbor_cinema» кинотеатры

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.Кыстаубаева Индер ауданы Индербор кентінде орналасқан «Inderbor_cinema» кинотеатрының директоры Р.Н.Абуғалиевпен жұмыс кездесуін өткізді.
🔹Кездесу барысында зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, авторлық құқықтарды қорғау және кино өнімдерін заңды түрде көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кинотеатр қызметін бірыңғай цифрлық платформаға қосу арқылы авторлық құқық объектілерінің заңды айналымын қамтамасыз ету тетіктері қарастырылды.
🔹Тараптар авторлық құқықты сақтау бағытында нақты шараларды жүзеге асыру, заңнама талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
🔹Кездесу қорытындысы бойынша зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту маңызды екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1229473?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді