
2026 жылғы 27 мамырда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» акциясы өтті.
Іс-шара кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға, ерекше назарды қажет ететін балаларды қолдауға, сондай-ақ өңір халқының инфрақұрылымы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда «Ақселеу» ЖШС өз қаражаты есебінен «Ковыленская орта мектебі» мен «Бәйшешек» шағын-орталығының аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Объектілерде жалпы ауданы 294,5 ш.м жаңа брусчатка төселді.
Іске асырылған жоба оқушыларға, шағын орталық оқушыларына, педагогтар мен ата-аналарға қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Петропавл қаласында «Жалға алу және жылжымайтын мүлік» ЖШС облыс орталығының балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кинотеатрда мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
М.Жұмабаев ауданында «АгроТехПролетарское» ЖШС қолдауымен Пролетарка ауылының демалыс орталығы үшін шамамен 400 мың теңге сомасына музыкалық аппаратура сатып алынды.
Өткізілген іс-шаралар балалардың мәдени және шығармашылық әлеуетін дамытуға, оң адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ өзара көмек пен әлеуметтік қолдау атмосферасын нығайтуға ықпал етеді.
Акция заңдылық, қоғамдық жауапкершілік және азаматтық ынтымақтастық қағидаттарын күшейту деген ортақ мақсатпен біріккен мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылының тағы бір мысалы болды.
Аталған бағытта жұмыс жалғасады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1229453?lang=ru

Жауап қалдыру