Ақтау қаласында ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі анықталды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде күдіктіден «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптамалық зерттеуге сәйкес тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 килограмнан асты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта Ақтау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүзеге асыруда.

https://www.instagram.com/reel/DY-Z6EloKpY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1231439?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді