«Тырысқақ» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 мамырда Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне «Тырысқақ» тақырыбында оқу-жаттығу өткізді. Іс-шара барысында Түркістан шекаралық бақылау бөлімшесі, әуежайдың медициналық пункті, өндірістік-диспетчерлік қызмет, авиациялық қауіпсіздік қызметі және көліктегі полиция бөлімінің қатысуымен хабарландыру сызбасы мен бастапқы эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарына сәйкес іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Оқу-жаттығу барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық ұсынымдармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231438?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді